APA стилі туралы

1617

(Thomson Reuters, Scopus, Jstore журналдарына мақала жазу)

APA стилі ғылыми мақала жазуда қолданылатын стильдің бір түрі. APA тақырыпты, мақала мазмұнын нақты әрі жан-жақты талдау арқылы тұжырым жасауға, қорытынды ойды жеткізуге тиімді.
Негізгі ерекшелігі: әрбір фактіге сілтеме келтіре отырып, дереккөз ретінде пайдаланылған материалдың әр жылдардағы басылымын да назардан тыс қалдырмау. Плагиаттың, көшіріп басудың алдын алу. АРА стилі әлемдік ғылыми еңбек жазуда 1929 жылдан бастап қолданыста. Содан бері АРА стилі әсіресе, әлеуметтану, гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарына қарай сәйкесінше жетіле түсті.

АРА стилі:
- бірізділікті әрі дәйекті пікірлерді бір форматқа (қалыпқа) салу емес, ғылыми мақалада ұсынылған ғылыми пікірге, идеяға назар аударуға;
- негізгі ойларды, белгілі бір пікірлерді, тұжырымдарды, дереккөздері мен әлемдік ғылыми базаға енетін ғылыми басылым беттерінде жарық көрген, мақала тақырыбына сәйкес келетін, мазмұны ұқсас материалдарды тез, әрі жүйелі түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жазып отырған ғылыми мақалаңызды стильдік тұрғыдан әлемдік ғылыми жүйеге сай жүйелеуге көмегі зор.

Ой-пікірді жүйелі түрде жеткізу авторлардың маңызды ақпаратты толық ашуына жол ашады.
Мысалы, біраз уақыт бұрын белгілі бір ақынның әдеби шығармашылығы туралы бір мақала бастадық. Дереккөздер де, осығанға дейін қорғалған диссертациялар да, жарық көрген ғылыми еңбектер де жеткілікті. Бірақ жүйелі түрде ҚАЛЫПТАСПАҒАНЫНА көз жеткіздік.
Бір ғана ғылыми мақала жазуда:
-ақынның шығармашылық лабораториясы;
- шығармашылық лабораториясының тарихы;
-шығармаларының жанры;
- ақын өмір сүрген кезеңдегі ағым мен бағыт;
- ақынның өз дәуіріне ықпалын анықтау қажет болды.

Ең бастысы: ақын шығармалары туралы (тарихы, сыны, теориясы) зерттеулердің КЛАССИФИКАЦИЯСЫН жасап, жүйелеу қажеті туындады. «Инемен құдық қазудың» қиындығын осындай сәттерде түсіне отырып, шыңдала түсесіз.

Бұл стиль тақырыптан ауытқымауға, оңды-солды статистикалық мәліметтерді ұсынбауға қалыптастырады. Идея мен тұжырым, қорытынды басты роль атқарады.
Ғылыми мақала мазмұнына қолданылатын әрбір дәйексөзге қолданылатын тыныс белгісі автоматты түрде бағдарлама арқылы қойылады. Бұл сіздің әрі жұмысыңызды жеңілдетеді әрі уақытыңызды үнемдейді. Егер кесте мен суреттер, архив деректерін ұсынсаңыз оларды да, жүйелі түрде АРА стилі арқылы жеңіл орналастыра аласыз.
Бүгінде бұл стиль қолжазба әзірлеуде кең қолданысқа ие.

Publication Manual психология, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттағы зерттеу еңбектерін жазуда кең таралған. Жазу барысында белгілі бір ережелерді қамтымаса да, ойды жүйелі түрде жеткізуді қажет етеді. Кейде редакторлық Words Into Type (Абай & Шәкәрім, 2000) мен the Chicago Manual of Style (19th ed.; University of Cambridge Press, 2015) жиі қолданылады.
АРА стилін қолдану барысында сіз Publication Manual-ды пайдалансаңыз, ғылыми мақалаңыз дың сапасы арта түседі.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket