20 гектардан астам қырғыз жері Қазақстанға өтіп кеткен

3629
Adyrna.kz Telegram

Шу өзенінің арнасының өзгеруі 20 гектардан астам қырғыз жерінің Қазақстанға өтуіне себеп болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы Шу облысындағы өкілетті өкіл Мирбек Мияровтың Милянфан аймағына жоспарланбаған сапары кезінде белгілі болды.

Turmush басылымының айтуынша, Ыстықкөл ауданының әкімі Руслан Тайғашқаев тиісті құрылымдардың басшыларымен бірге сол жерде өкілетті өкілге ақпарат берген. Атап айтқанда, ол 20 гектардан астам жер өзен арнасының өзгеруіне байланысты қазақстандық тарапқа өткенін хабарлаған.

Осыдан кейін М.Мияров жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп жатқан жеке кәсіпкер Нұржан Шайлобековтың атқарып жатқан істерімен танысты. Соның көмегімен 1 гектардан астам жерді Қырғызстан тарапына қайтарылған.

"Жыл сайын ТЖМ тарапынан жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіледі, бірақ су тасқыны кезеңінде өзен арнасы әлі де өзгереді", - делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер