Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

740

Грек тілінен "ұйқы" деген мағына беретін наркотик(есірткі) қазіргі уақытта "XXI ғасыр дерті" болып отыр. Есірткі- химиялық зат. Ол адамның сана-сезімін, мінез-құлқын бұзады жəне де оған қазіргі таңда қатаң түрде тыйым салынған. Есірткі адамның миын улап, құмарлықтың биік шыңына апарып, онсыз өмір сүре алмайтындай халге жеткізеді, денсаулыққа тигізер залалы көп. Атап айтсақ, есту қабілеті мен жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Сезім мүшелеріне əсер етіп, дегені жансыздандырады. Есірткі пайдаланған адамның мінез лезде өзгеріп шығады. Өтірікті көп айтып,тым ашушаң, қызба мінезді, төбелесуге бейім болады. Алғаш пайдаланып көргенде лəззат алып, кейіннен ағзасы соған тәуелді болады.

Есірткіні қолданудың бірден-бір себебі- білімсіздік пен иманның əлсіздігі. Отбасындағы əкесінің болмаса анасының ішімдікке салынуы, темекі тартуы, достарының нашар болуы, яғни  жаман жолда жүруі, маскүнемдік, жұмыссыздық, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ойын-сауық орындарында көп болуы, ата-анасын тыңдамауы есірткіге итермелейді. Сонымен қатар, қызығушылық пен əуестікті де айта кеткен жөн. Яғни, достарынан көріп, есірткіге қызығушылық білдіреді болмаса "бір рет дəмін көргеннен ештеңе бола қоймас" деген əуестікпен шегіп, кейіннен сол есірткінің құрығынан шыға алмай қалады.

Есірткіге жоламаудың ең бірінші себебі- өз-өзіне сенімді болуы. Сені жаман жолға түсіру үшін, сенің есірткіні қолдануың үшін саған жақсы да, жаман да сөздер айтады. Бірақ, сен олардың айтқан сөзіне ермей, тек өзің қалаған жолмен жүруің керек.

Екіншіден- сенімді, адал достарыңның болуы. Достарыңмен бірге серуенде, спортпен айналыс. Достарыңның жанында уақытыңды көңілді өткіз.

Денсаулық- адамның асыл қазынасы. Əр адам өз денсаулығына бей-жай қарамауы керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру- есірткіге жоламаудың басты себебі деп түсінемін.

#ОПД ЕҚҚIҚБбайқауына

#наконкурсУПДДПКЗО

#67 орта мектеп

Жөкенова Диана,  Қызылорда облысы, Арал ауданы

Пікірлер
Редакция таңдауы