Қазақстандық құқық қорғаушылар да Навальныйдың бостандығын талап етіп отыр

2579
Adyrna.kz Telegram

Ресей оппозициясының жетекшісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескер белсенді Алексей Навальныйды кеше Шереметьево әуежайында Ресей арнаулы орган қызметкерлері (ФСИН) қолдан жасалған өтірік айыптаулар негізінде ұстап,қамаққа алған болатын.

Сарапшылардың пікірінше Алексей Навальныйға қатысты әділетсіз және саяси астары бар барлық іс-әрекет, белгілі оппозицияшыл тұлғаны саясаттан мейлінше аластатуға бағытталған.

Навальныйды ұстау мен оның алдағы өтетін сот процесі сөзсіз ауыр зардаптарға алып келеді, өйткені ол қазіргі Ресейдегі саяси оппозицияның ірі жетекшілерінің бірі. Оның түрмеге жабылуы Ресейдегі наразылық қозғалысына қатысқандар немесе қатысқысы келетіндердің бәрін қорқыту-үркіту үшін сылтау ғана болып табылады.
Ресейдегі беделді заңгерлердің пікірі бойынша, А.Навальный байланысты бірқатар процессуалдық заң бұзушылықтарға жол берілген.

Путин билігі Навальныйға бірінші рет қысым көрсетіп отырған жоқ. 2012 жылы 6 мамырда Болотная алаңындағы атышулы оқиғалар кезінде А.Навальный полицияның іс-әрекеттеріне қарсылық көрсетті деген айыппен 15 тәулікке қамауға алынды және халықаралық амнистия ұйымы оны ар-ождан тұтқыны деп таныды.

Алексей Навальный өзі басқаратын жемқорлыққа қарсы күрес қорында (ФБК) Ресейдің ірі шенеуніктерінің заңсыз мүліктік активтері мен халықтан ұрланған қаржыны үнемі медиа көздерінде үздіксіз жариялап келеді. Осы орайда А.Навальный сияқты белгілі саясаткерді Қазақстандық құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдері БҰҰ Адам Құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарына осы заңсыз процесті адам құқықтары нормалары тұрғысынан, яғни қоғамдық жіті бақылау туралы сұрап, өтінеді.

Петицияға қол қойыңыз, Ресейдегі В.Путин режимінің құрбаны саясаткер Алексей Навальныйға бостандық!

 

"Демос" ҚБ төрағасы
Құсайынов Тұрарбек

Пікірлер