БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Сайлаудан кейінгі түйгендерім

1359

Меніңше сайлауға қарағанда праймериз өте тартысты өтті. "Нұр Отан" партиясы сайлауға жан-жақты дайындықпен келгені анық көрініп тұр.

  1. "Нұр Отан" 2019 жылы праймеризге дайындық ретінде әр өңірден қалалар мен аудандарды таңдап, праймеризді тест ретінде бір сынақтан өткізіп көрген.
  2. 2020 жылы праймериз тұтас ел аумағын қамтыды. Праймериз аясында 10 мыңнан астам азамат тікелей саяси додаға түсті.
  3. Аудан, қала, ауылдарда дебаттар ұйымдастырылып, пікіралуандылығы орын алды, процеске қатысқан халықтың саяси мәдениеті көтерілді.
  4. Әр аудан, қала бойынша 216 сайлауалды бағдарлама әзірленіп, нақты істердің атқарылар уақыты, тізімі бекітілді. Праймеризге қатысқан азаматтар осы бағдарламаларды негізге ала халықтың алдында үгіт-насихат жұмыстарын өткізді. Елге түсіндіру жұмыстары қатысушы азаматтар тарапынан іске асқан сәтті жоба болды.
  5. Біздің саясатта футболдағыдай екі лига бар. Жоғарғы лига және төменгі лига. Жоғарғы лигада билікте отырған "Нұр Отан" партиясы ғана бар. Өзге саяси партиялар да сайлауға бір ай қалғанда белсенуді қойып, 2026 жылғы сайлауға дайындықты елмен тұрақты жұмыс істеуді үйреніп қазірден бастауы қажет. Партиялар арасындағы саяси бәсеке жоғарғы лиганың деңгейіне шығуы тиіс. Лайым солай болсын!
Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket