Тіліміз тәуелсіздік ала алмай келе жатыр

1393

Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының төрағасы Жүрсін Ерман "Салмақты сұхбат" халықаралық онлайн студиясының қонағы болды.

"Салмақты сұхбаттың" модераторы, ғылым бағыты бойынша "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлы Жүрсін Ерманға төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Ресейлік саясаткерлердің қазақ жеріне қатысты айтқан сөздері бойынша өз пікіріңізді білдірсеңіз.

2) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

«Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелде бізді «қазақтар» деп біледі», – деген болатын.

Асылы Осман бір сұхбатында:

«Біз Қазақстанға 1944 жылы Грузияның Түркияға шекаралас Ахалкалак деген қаласынан жер аударылғанбыз.
Ол кезде Қазақстанда да жағдай нашар, соғыстың халықты тұралатқан шағы. Алайда қазақ халқы өздерінен кем құрмет көрсетпей, бүтінін бөліп, жартысын жарып беріп, аман-есен бейбіт күнге жеткізді», – дейді.

Асылы Осман сияқты өзін қазақ санайтындар бар екені рас.

Алайда 30 жылда 30 сөз үйренбендері де жетерлік. Қазақша білмейтін қазақтар да бар.

Бұл тұрғыда не айтасыз?

3) Жартылай қазақша, жартылай орысша түсірілген фильмдер де бар. Бұл бір мысал ғана.

Жалпы, ұлттық намыстан гөрі табысты көбірек ойлайтындар қайдан шығады деп ойласыз?

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

(Инстаграм: kuanysh_zhumabekuly

YouTube: Қуаныш Жұмабекұлы)

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket