Мәжіліске үш партия өтті

3710
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/372dd15d-e737-4b04-80b8-3705a4f77d67.jpeg
«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты Exit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Qazaqstan» Ұлттық арнасына сілтеме жасап. Қазақстанның «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты Қазақстанда өткен Парламент мәжілісі және мәслихаттар сайлауы бойынша сауалнама қорытындысын жариялады. Институт сауалнаманың қателігі - 2% шамасында дейді. Exit poll қорытындыға сүйенсек, Nur Otan партиясы - 71,97%, AqJol партиясы - 10,18%, Adal партиясы - 3,7%, Ауыл партиясы - 5,75%, Қазақстанның халық партиясы сайлаушылардың 9,3% дауысын жинаған. «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова хабарлағандай, институт қызметкерлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізген. Сауалнамаға шамамен 24 мың адам қатысқан.
«Сауалнамаға қатысқан азаматтарға бір сұрақ - «Қазақстан Республикасы Парламенттік сайлауында қай партияға даусы бердіңіз?» сұрақ қойдық. Exit poll-дың нәтижелері. Сайлаушылардың 9,3% Қазақстанның халық партиясына, 71,97% Nur Otan партиясына, 5,75% Ауыл партиясына, 10,18% AqJol партиясына, 3,7% Adal партиясына дауыс бергендерін айтқан», - деп хабарлады Айнүр Мәжітова.
Естеріңізге сала кетейік, осы партиялар барлығы 312 адамды Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынып отыр. Оның ішінде Ауыл – 19, Nur Otan– 126, Аdal– 16, AqJol – 38, Қазақстан халық партиясы 113 адамды үміткер еткен.

«Адырна» ұлттық порталы

 
Комментарии