Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендер 2 жылға сотталады

5090
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткен адамдардың 2 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін.  Бұл туралы  «Адырна» ұлттық порталы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 

«Адамдар тарапынан жануарларға не үшін қатыгездік жасалатыны түсініксіз. Бұл ақтауға келмейді. Күн сайын әлеуметтік желілерде ақылға сыймайтын әрекеттер жарияланып жатады. Аққуды тұншықтырып, итбалықты ұрып, итті қорлап жатқанын көрдік. Бұған ұқсас фактілер көп. Сондықтан жазаны күшейту қажет», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сондықтан министрлік бүгінде Қылмыстық кодекстің 316 «Жануарларға қатыгездік жасау» бабы бойынша жазаны күшейтуді ұсынды.

«Айыппұл ұлғайады және бас бостандығын шектеу жазасы енгізілуі мүмкін. Заң жобасы жақында Мәжіліске жолданды. Бұдан бөлек депутаттармен, жануарларды қорғаушылармен бірге Жануарларды қорғау туралы Заң жобасы әзірленді. Оның жүзеге асуы жануарларға адамгершілікпен, жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз етеді. Түрлі санаттағы жануарларға қарау бойынша жалпы және арнайы талаптар бекітіледі. Сонымен бірге жануарларға жасалған кез келген қатыгездік әрекетке қатысты жауапкершілік ілеспе заңда қарастырылған», - деді министр.

Атап өтейік, жаңа құжатта жабайы, үй, қызметтік және ауыл шаруашылығы жануарларына жасалатын қатыгездіктің алдын алу шаралары толық қаралған. Жануарларға ветеринарлық көмек, тиісті күтім жасау, ойын-сауықтық мақсатта пайдалану ережелері бекітілген.  Ал жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салынған.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер