АҚШ елдің «басты жауы»

2570
Adyrna.kz Telegram

КХДР басшысы Ким Чен Ын АҚШ-ты елдің "басты жауы" деп атады, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.

Ким Чен Ынның айтуынша, Вашингтонның Пхеньянға қатысты саясаты АҚШ-та басшылық лауазымдарда кім болса да өзгермейді.

Сонымен бірге ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың кілті Вашингтонның "дұшпандық саясаттан" бас тартуы екенін айтты, деп хабарлайды агенттік.

Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын КХДР ядролық қарудың стратегиялық қуатын және жойылу ауқымын 15 мың шақырымға дейін арттыруға ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар, Солтүстік Корея басшысы жаңа ядролық суасты қайықтарын әзірлеу аяқталғанын хабарлады. Ким Чен Ын ел ядролық қаруды дамытуды және алдын-алу мен қарымта жауап беру әдістерін жетілдіруді жалғастырады деп уәде берді.

КХДР басшысы және Дональд Трамп екі елдің ресми қарым-қатынастарының жоқтығына қарамастан, бұрын үш кездесу өткізіп, олардың жеке достық қарым-қатынастарын  бірнеше рет атап өткен болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

фото ашық дереккөзден алынды

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер