Ауылына қамқор кәсіпкер

1715

Соңғы кезде әлеуметтік желіні жеке басына пайдаланатындар көбейіп кетті. Біреуді қаралап, масқаралауға таптырмайтын құралға айналды. Бірақ медальдің екі жағы бар екенін жұрт ұмытқан секілді.

Әйтпесе ауылына көмектесіп, туған жерінің шашбауын көтеріп жүрген Серік Бекқайыровқа жаптым жала, жақтым күйе дегендердің әрекетін қалай түсінсек болады?
Серік Бекқайыров БҚО Жаңақала ауданына еңбегі сінген кәсіпкер. Бұны сол Серік өскен өңірдің әрбір тұрғыны айта алады. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін дей ме?
Соңғы уақытта осы Секеңді қаралап жазған адамдар пайда бола бастады."Ит үреді,керуен көшеді" деген ұстанымға сай үндемей қалсам басылатын шығар десем де соңғы кезде бұл процесс үдей бастады. Сондықтан жауап беруді жөн санадым деген Секең осы әңгімеге байланысты өз ойын ашық айтты. "Шетелден келсем мені алаяқ деп қаралап жазған посттар пайда болыпты. Егер мен алаяқтық жасасам заң арқылы кінәмді мойныма қоймайды ма? Ал бұлар заңға жүгіну былай тұрсын, үйіме бандитсымақ біреулерді жіберіп қорқытуға көшті. Ешкімнің алдында есеп беріп көрмеппін. Бірақ осы жолы шыдап тұра алмадым"-дейді кәсіпкер.
Өзі өскен аймағына,қала берді жоқ-жітікке,мұқтаждарға,жағдайы төмен отбасылардың балаларына жоғары білім алулары үшін оқу ақысын төлеп беріп,көмек қолын аямаған кәсіпкерді бопсалағандарды не деуге болады? Әлде ақшасы бар екен деп бопсаласақ бізге де майлы жіліктің бір басы тиіп қалар дегендердің әрекеті ме?

Саламат Досымбаев

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket