13 жеңіл көлік өртеніп кетті

2457
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы автокөлік жуу орындарының бірінде 13 жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам шықты. Өрт сөндірушілер сағат 08: 59-да келген бойда "Батыр" көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлік зардап шекті»,-делінген хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер