Коронавирусқа қарсы екпе алған екі адам қайтыс болды

6103
Adyrna.kz Telegram

Норвегияда коронавирусқа қарсы екпе алған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі tass.ru-ға сілтеме жасап. Бұл туралы сейсенбіде Норвегияның дәрі-дәрмек агенттігі хабарлады.

«5 қаңтарда екпе салынғаннан кейін бірнеше күннен соң өлім туралы екі хабарлама алдық», – делінген хабарламада.

Американдық Pfizer компаниясы және оның неміс серіктесі BioNTech компаниясы шығарған екпе тұрғындарға 2020 жылдың 27 желтоқсанынан бастап салына бастаған.

Бірінші болып Ослодағы қарттар үйінің тұрғындары егілген. Билік қазіргі таңда өлімнің вакцинациямен байланысы бар-жоғын анықтауда.

"Біз өлімнің не себепті болғанын анықтау үшін тексеріс жүргіземіз", - деді агенттік өкілі. Оның айтуынша, қазір денсаулығы нашар және ауыр аурулары бар қауіпті топтардағы адамдарға екпе салынып жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер