Бизнес бастағысы келетіндерге мүмкіндік

3121
Adyrna.kz Telegram

Кәсіп ашып, бизнес бастағыңыз келе ме? Бизнес жоспарыңыз да дайын, бірақ қаржының жоғы қолбайлау ма? Ендеше өз бизнесін дөңгелетуді көздегендерге ASSYLTAS қоғамдық қоры тарапынан 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Әр ай сайын екі жас кәсіпкер ASSYLTAS бизнес грантын иеленеді, бір жылда 24 адамға грант береміз!

Жобаға кімдер қатыса алады?

Жобаға 18-35 жас аралығындағы ҚР азаматтары қатыса алады;

Жобаға қатысушылар кәсібі жайында қазақ тілінде бейнеролик немесе презентация жіберуі қажет;

Грантқа үміткерлердің ашылған ИП-сы болуы керек;


Қандай жобаларға басымдық беріледі?

Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Өндіріс;

Қазақ тілін дамыту жобаларына;

Мобильді қосымшалар;

Ұлттық өнер;


Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең – жұмыстарды қабылдау
2 кезең – үміткерлерді анықтау
З кезең – интервью

Бейнеролик және презентациялар 5 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында assyltas.business.grant@gmail.com поштасына қабылданады.
Жеңімпаздар 2021 жылдың 5 ақпанында анықталады.

БАҒЫҢДЫ СЫНА, КӘСІБІҢДІ АШ!

Пікірлер