Ерлан Қарин: Бұл біздің еліміздегі тиімді қоғамдық диалогтың тағы бір мысалы

2166
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Карин Мемлекет басшысының «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
«Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осылайша, Мемлекет басшысының 2019 жылғы желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтылған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу туралы бастамасы түпкілікті түрде іске асырылды (бұған дейін 2020 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның осы ұйым жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров екінші Факультативтік хаттамаға қол қойған болатын). Бұл бастама президенттік саяси реформалар пакетінің бір бөлігі болды. Осы құжатқа қосылу жөніндегі мәселені көтерген біздің құқық қорғаушыларымызды, Ұлттық Кеңес мүшелерін бастамаларының түпкілікті іске асырылуымен құттықтаймын. Бұл біздің еліміздегі тиімді қоғамдық диалогтың тағы бір мысалы. Жақында Ұлттық кеңес аясында айтылған басқа да маңызды бастамалар қолға алынды. Бүгінгі таңда БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 88 - і өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманың қатысушылары болып табылады",-деп жазды Ерлан Қарин өзінің Тelegram-каналында.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер