Елордадан сыртқа қатынайтын автобустарға тыйым салынды

2738
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық тасжолда жекелеген көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Smart Astana телеграм-ботына сілтеме жасап.

Аталған хабарламада: «2 қаңтар күні сағат 18:00 бастап ауа райының нашарлап, температураның төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық жол бағыттары бойынша қоғамдық көлік және дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі» делінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты аязға байланысты жол жабылған болатын. Сонымен қатар Қостанай мен Шығыс Қазақстанда да көлік қозғалысына шектеу қойылған.

 

Сурет интернет желісінен

 

Пікірлер