Жұлдыз Әбдікәрімова: «Басымда тәжім болмады»

2680
Adyrna.kz Telegram

"Әлем ханымы – 2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімоваға байқаудың лентасы мен тәжі ресми түрде табысталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Жұлдыз Әбдікәрімоваға "Әлем ханымы-2020" байқауының тәжі мен лентасы ресми түрде табысталды. Оларды ұйымдастырушылар Болгариядан поштамен жіберген.
"24 желтоқсан соңғы дауыс беру күні болды. Ал 23 желтоқсанда олар маған хабарласып, поштамен тәж бен лентаны жіберіп жатырмыз деді. Бір күн бұрын жөнелтті. Өйткені олар да, біз де Жұлдызды ешкім басып оза алмайтынын түсініп отырмыз", - деді байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан.Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы" атанғанын енді ғана сезінгенін алға тартып, қазіргі кезде қандай күйде жүргенін айтты.
"Қасымдағы қыздардың бәрі осы уақытқа дейін қандай сезімдесің деп сұрап жатыр. Шыны керек, мен осы уақытқа дейін толқып жүрдім. Сезінбедім. Басымда ол кезде тәж болмады. Жалпы "Әлем ханымы" деген атақ алғандарды сахнада көріп жатамыз. Ресми түрде табыстағанын енді сезіндім", - деді ол. Айта кетейік, биыл "Әлем ханымы-2020" сұлулық байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 86 әдемі келіншек қатысты. Қазақстан намысын қорғаған Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова олардың арасында топ жарып, конкурстың Гран приін иеленді.
Сонымен қатар, аталмыш байқауда тағы бір қазақстандық ару бағын сынады. Аяна Сұлтанбекова додаға Қазақстанның емес, Орта Азияның атынан қатысқан.

Пікірлер