Қазақстандықтар Жаңа жылда 12 елге ұша алады

1883
Adyrna.kz Telegram

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Жаңа жылдық мерекелерге арналған рейстер кестесін ұсынды, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық рейстер 19 бағыт бойынша 12 елге ұшады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ-ның ресми Telegram каналында жазылды.

Барлығы 54 рейс жасалады:

Біріккен Араб Әмірліктеріне - 16;

Түркияға - 10;

Өзбекстанға – 6;

Беларусь пен Германияға – 4;

Мальдивке – 3;

Оңтүстік Кореяға, Нидерландқа, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2;

Украинаға – 1 рейстен.

Департамент авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарында рейстің ұшу уақыты мен күнін нақтылауға болатынын айтты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер