Ырғыз ауданында газ, су құбырлары іске қосылып баспана кілттері табысталды

820

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болды. Аймақ басшысы Жаныс би ауылындағы табиғи газ құбырының іске қосылу рәсіміне қатысты. Көгілдір отынның тұтынушыларға жеткендігін қарау мақсатында ауыл тұрғыны Жұбан Әбеновтың шаңырағында болды. Бұған дейін көмір жағып, күл шығарып келген жергілікті тұрғындар әр қыс мезгілінде 10 тоннаға дейін көмір пайдалануға мәжбүр болатын. Ал көмірдің құны әрбір тоннасына 20 мың тг құрады. Табиғи отынға қол жеткізіп, қуанышқа кенелген жергілікті халық облыс әкіміне алғыстарын білдірді. Аудан тұрғындарының 40,8% газбен қамтамасыз етілген.

Облыстық бюджеттен 188 млн.теңге бөлініп, Ақши, Құрылыс, Шеңбертал ауылдарына жеткізуші газ құбырларының құрылысы аяқталды.Облыс бойынша 2021 жылы жалпы құны 1,8 млрд. теңгеге газбен жабдықтау жобалары іске асырылып, 6,4 мың халқы бар 10 елді мекен газбен қамту көзделген. 2021 жылдың соңына дейін газбен жабдықтау көрсеткішін 92,1% - ға жеткізу жоспарда.
Оңдасын Оразалин бұдан соң Ырғыз ауылына ат басын бұрды. Мұнда облыс әкімі 3 бөлмелі 5 баспананың кілтін үй кезегіндегі көп балалы, зейнеткер, әлеуметтік әр түрлі топтағы азаматтарға табыстады.
“Сырттан келіп біздің жағдайымызды ешкім түземейді. Халықтың жеткен жетістігі мен көріп отырған игі істерінің барлығы еңбек пен сабырлықтың,ауызбіршіліктің, мемлекет басшысының көрегенді саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан дүниелер,”-деп атап өтті өңір басшысы. Үй құрылысы биыл мамыр айында басталып, тамыз айында аяқталды. Газ, ыстық су кіргізілген. Құны 51,5 млн тг бой көтерген үйді салуға жергілікті 10 ға жуық азамат жұмысқа тартылды. Аймақ басшысы Құтикөл ауылынан Жарма ауылы бағытына шығатын аяқталған көпірдің қүрылыс сапасын бақылады. Ұзындығы 54 метрді құрайтын өтпелді салуға 187,9 млн. тг жұмсалды.
Тозығы жеткен көпірдің орнына 2020 жылдың мамыр айында жаңасын салу жұмыстары басталған болатын. Облыс әкімі Жарма ауылында болып, су құбырын іске қосты. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мембағдарлама арқылы жүзеге асырылған жобаның арқасында 56 үй яғни 300 ден астам тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді. Бұған дейін жармалықтар ауызсуды құдықтан тасып ішіп келген болатын. Айтып өтейік, аудан бойынша тұрғындардың 87,6% таза ауыз сумен қамтылған. Ырғыз ауылының су желілерін реконструкциялау жұмыстары ары қарай да жалғасуда. Енді қалған 5 елдімекенді ауыз сумен қамту үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Биыл Ырғыз ауданында “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасы аясында жалпы жеті жоба жүзеге асты. Құтикөл ауылындағы «Жарма» көпірін қайта жарақтандырылып, Ырғыз ауылында жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық сумен, электрмен, газбен жабдықтау желілері тартылды. Жарма ауылына су құбыры желілерінің құрылысын салу жұмыстары басталып, Аманкөл ауылындағы Т.Жаманмұрынов,Нұра ауылындағы Т.Жүргенов атындағы орта мектептері ағымдағы жөндеуден өтті. Ырғыз ауылындағы 2,6 шақырым М.Қарабаев, Т.Жаманмұрынов, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл, Қабырға және Жүргенов көшелеріне тас жол төселді, жаяу жүргіншілер жолы 2021 жылы аяқталады.
Аудан орталығында ұзындығы 2 км құрайтын 1 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы жасалды. Сонымен қатар, 300 орындық орта мектеп 100 орындық интернат пайдаланылуға берілді.
«Ауыл ел бесігі» жобасымен РБ 150 млн.тг жалпы ұзындығы 2,6 шақырым ауыл ішілік Жамбыл, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы көшелерін асфальттау жұмыстары аяқталды.
Оңдасын Оразалин аудан әкімі Әділкерей Әуелбаевқа аталған жобаларды сапалы аяқтап пайдалануға беруді, ауылшаруашылық саласын одан әрі дамытуды, ауданды көгалдандыру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Пікірлер
Редакция таңдауы