Елім үшін жан пида...

3657
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақтың ұлы перзенті, даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр!

Бауыржан атамыздың тұла бойындағы нағыз жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, даналық пен парасаттылық көпке өнеге болуы тиіс!

Тілге жүйрік, сөзге шешен хас батырымыздың мірдің оғындай нысанаға дәл тигізер өнегелі сөздері әрбіреуімізді шабыттандырып, рух беруі қажет!

* Намысты нанға сатпа.

* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.

* Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

* Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

* Тіл - елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш.

* Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу - шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.

* Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә.

* Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.

* Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.

* Жерге - тер төгіп, халыққа - қан төгіп қызмет етуден тайсалма!

 

Дайындаған Зарина Әшірбекова

Пікірлер