Індеттің әлемге әсері

2715
Adyrna.kz Telegram

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 72 миллионға жуықтады. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша індетті ең көп жұқтырған елдердің алғашқы бестігі келесідей: АҚШ (16 миллион), Үндістан (шамамен 10 миллион), Бразилия (6,8 миллион), Ресей (2,6 миллион), Франция (2,4 миллион).

Еуропада аурудың алдын-алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша Италия COVID-19 – дан қайтыс болғандар саны бойынша Еуропада бірінші орынға шыққан.

Өткен аптада Ұлыбританияда коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі анықталған. Індеттің таралу қарқыны күшейгендіктен, елде сақтық шаралары күшейтіліп, Англияның оңтүстік-шығысында қатаң карантин тәртібі енгізілді.

Жаңа ережеге сай, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, шаштараздар және спорт залдары жабылады. Тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес берілген.

Ал Оңтүстік Кореяда да шектеу шаралары енгізілді. Мұнда бірнеше күн қатарынан науқастардың тәуліктік саны 1000-нан азаймай тұр. Ел астанасы Сеулде бүгіннен бастап, әлеуметтік арақашықтық сақтау ережелері күшейтіліп, төрт адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Тау шаңғы курорттары мен танымал туристтік нысандар да жабылды. Ел үкіметінің мәліметінше, коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны ақпан, наурыз айларында басталуы мүмкін.

 

Думан Арғынгелді,

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер