Сәкен Майғазиев басшы болып тағайындалды

6368

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Шымкент қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Сәкен Қордабайұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

1993 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде «Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.

1997 ж. Т.Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «Эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.
2001 жылдан бастап «МузАРТ» тобының мүшесі болып тағайындалды.

2012 жылдан бастап - Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды.

2018-2020 жж. аралығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

Сәкен Қордабайұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы марапаттарының иегері.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы