Месси аңыз футболшы Пеленің "мәңгілік" рекордын жаңалады

4730
Adyrna.kz Telegram

"Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Бразилия құрамасында әлемнің үш дүркін чемпионы болған Пеленің бір клуб үшін соққан голдарының саны бойынша жетістігін жаңартты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Месси Испания чемпионатының 15-турында "Вальядолидаға" қарсы ойынның 65-минутында есепті 3:0-ге жеткізді. Бұл осы ойындағы соңғы гол болды. Енді 33 жастағы аргентиналық футболшының "Барселона" үшін соққан голы 644-ке жетті. Бұл - жаңа рекорд.

Месси 2004 жылдан бері "Барселона" сапында.

Пеле "Сантос" клубында 1956-1974 жылдар аралығында ойнап, 643 гол соққан болатын.

Осыған байланысты Пеле әлеуметтік желі арқылы Мессиді құттықтап, бір команда сапында ұзақ жыл ойнап, рекорд жасайтындар қатары сирей беретінін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер