Жаңа жыл туралы 11 қызықты дерек

3084
Adyrna.kz Telegram

Жаңа жыл - бала кезден асыға күтетін сүйікті мереке! Түрлі сыйлықтар, дәмді тағамдар, жақын жандармен өтетін қызықты кештер… Жаңа жыл туралы бұдан өзге қандай қызық бар дейтін шығарсыз?! Бірақ бұл мерекенің де әр елде өз қызықтары бар екен. «Адырна» ұлттық порталы назарларыңызға бірнеше қызықты деректер топтамасын ұсынады.

Эскимостар Жаңа жылды алғаш қар жауған кезде тойлайды.
Италиялық тұрғындар Жаңа жыл түні барлық ескі киімдер, жиһаз бен ыдыстарды терезеден лақтырады. Осылайша, олар жаңа жылда “жаңа бақыт пен сәттілік келеді” деп есептейді.
Ал, Кубада жамандықтан өздерін тазарту үшін Жаңа жыл күні үйдегі барлық ыдыстарды суға толтырып, түнде сол суды далаға төгеді екен.
Грецияда отағасы Жаңа жыл қарсаңында үйдің қабырғасына анар жемісін сындырады. Жан-жаққа шашыраған жеміс дәндері сәттілік әкеледі деп сенеді.
Эфиопияда Жаңа жыл 11 қараша күні тойланады. Сонымен қатар, бұл мемлекет әлі күнге дейін Юлиандық күнтізбені қолданады.
Тибет тұрғындарыны Жаңа жыл қарсаңында бәліш пісіріп, көшеде өтіп бара жатқан адамдарға таратады. Олар келер жылдың нәсібін осы таратылған бәліштің санымен тікелей байланыстырады. Бәрі неғұрлым көбірек таратуға тырысады.
Алғаш рет Жаңа жылдық ашықхаттар 1943 жылы Лондон қаласында шығарылған. Осыдан кейін бір-бірімен ашықхат алмасу дәстүрі пайда болды.
Қытайда Жаңа жыл 21 қаңтардан 21 ақпанға дейінгі күндердің бірінде тойланады.
Тайландта Жаңа жыл 13-15 сәуір аралығында тойланады және оны «Сонгкран» деп атайды. Бұл күні барлық адамдар бір-біріне су құйып, түрлі түсті талькпен душ қабылдайды. Тальк дегеніміз - майда ұнтаққа жылдам айналатын ұнтақ- минерал.
Әлемдегі ең үлкен шыршаны мереке алдында Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода орнатады. Оның биіктігі 76 метрге жетеді, бұл 20 қабатты ғимараттың биіктігімен салыстыруға болады.
Ортағасырлық Еуропада шыршаны төбеге төңкеріп ілетін. Бұл -  мерекеге өзіндік көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған екен.
Дайындаған: Елдана Жұматай,
«Адырна» ұлттық порталы
Пікірлер