Шыршаны безендіруге 13 млн 600 мың теңге бөлінді

3272
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда қалалық шыршаны безендіруге 13 млн 600 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ қаржыға орталықтағы жаяу жүргіншілер жолы мен саябақтарға сәнді жарықшамдар ілініп жатыр.

«Шевченко көшесі мен Ақын Сара көшесінің ортасындағы жаңа арбат безендірілді. Онда жұлдызды аспан жасалынды. Толық орнатылып болған жоқ. Әлі жұлдызды тоннель болады»,- деді қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары Нұрым Әлиұлы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер