Бүгін Бақтыгерей Құлмановтың туған күні (Видео)

4206
Adyrna.kz Telegram

Осыдан тура 161 жыл бұрын, яғни 1859 жылы 22 желтоқсан күні Астрахан губерниясының Никольск селосында (қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей Құлманов дүние есігін ашты. Осы мерейлі күнге орай, "Адырна" ұлттық порталы қайраткердің өмірбаяны жайлы деректер ұсынады.

1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтардың бірі, күміс медальмен марапатталған.

Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі Император университетінің Шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алып, көп уақыт Бакудегі түрлі сайланбалы жауапты жұмыстарда болды. Б.Құлманов 1906-1907 жылдары І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаларға Ішкі орда қазақтарынан депутат болып сайланып, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылғы сәуірдің 23-нен желтоқсанның 2-не дейін Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды.

Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Алашорда үкіметінің төрағасының орнына Әлихан Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлмановтың да түсуі де көп жайтты аңғартады.

Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.

 

Пікірлер