Қайран да біздің Орынбор. Астана қолдан кеткен күн

1452
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/whatsapp-image-2024-09-22-at-18.51.53-960x500.jpeg?token=a0b20277597be009cd2ab008ba56e21b
Осыдан тура 100 жыл бұрын, 1925 жылы 9 ақпан күні Қазақ АКСР орталық атқару комитеті төралқасы мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке (қазіргі Қызылордаға) көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі халқымыздың орысша «киргиз» деген атауын «қазақ», «Киргиз АКСР» дегенді «Қазақ АКСР» деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады. 1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Ал Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. 1927 жылы Қазақстан астанасын Алматыға көшіру туралы шешім қабылданды, ал 1929 жылы бұл процесс толығымен аяқталды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды. Кейін бұл мәртебе Астана  қаласына берілді.
Комментарии