А.Мамин: Отандық вакцинамен жаппай егу наурызда басталады

1290

Қазақстан үш мың еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі. Бұл туралы Премьер-министрінің ресми ресурсы жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барды. Бүгінгі таңда ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазаларын жүргізді. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін 96% деңгейінде көрсетті.

Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады.

«Отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады», — деді А. Мамин.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket