Ресейлік журналист Никоновтың сөзін сынға алды

1820
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік белгілі журналист және "Эхо Москвы" радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Журналист радиостанцияның тікелей эфирінде және YouTube-те хабар тарату кезінде Никоновтың сөздеріне пікір білдіре отырып, кейбіреулер "бұл туралы сөйлесуге дағдыланғанын" айтты.

"Бірақ Никонов ол Никонов емес қой. Ол, біріншіден, Мемлекеттік Думаның депутаты. Екіншіден, басқарушы партияның қызметкері және комитет төрағасы. Үшіншіден, Риббентроппен аумақты қайта бөлумен айналысқан Молотовтың немересі.

Сондықтан бұл мен үшін үш есе ауыр реакция тудырды. Тексермей, құр сөйлей беруге үйреніп қалғанбыз. Жауапсыздық. Біздің СІМ (Ресей) Никоновтың осы аймаққа барғанына ашуланды", - деді Алексей Венедиктов.

Айта кетейік, Алексей Венедиктовтың өзі 2015 жылы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстан туралы арандатушылық реплика жариялаған болатын. "Қазақстан 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшеді. Ал Солтүстік Қазақстан?" деп жазған еді.

Пікірлер