БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Ельцинге алғыс айтуымыз керек

3141
Adyrna.kz Telegram
1990 жылы «Берите суверенитета столько, сколько сможете проглотить» деген сөзді айтқан жарықтық Ельцин! Кең адам болған ғой.
1990 жылы 12 маусымда Ресейдің "Егемендік туралы декларация" жариялауында сол кезде Жоғарғы Кеңесті басқарған Ельциннің еңбегі зор. Кейін 4 айдан кейін 1990 жылы 25 қазанда біз де жарияладық егемендікті.
Бастаған ісін соңына дейін жеткізетін Ельцин Украина мен Беларусьтің басшыларын жинап, 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж келісіміне қол қойдырды. Сол күні аталған 3 ел Кеңес Одағы атты мемлекетті тастап шығып кетті. Әрқайсысы жеке өз мемлекеттерін жариялады. Осылай Ельцин бізге тәуелсіздікті сыйға тартты. "Ей қазақ, тәуелсіздігіңді алсаңда аласың, алмасаң да аласың" деген тарихи таңдауға түсірді ғой бізді. Қазақстанға қалғаны Ельциннің сыйын қабылдау еді. Араға 8 күн салып 16 желтоқсанда қабылдадық та.
Әр жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Ельцинге де құрмет көрсеткеніміз дұрыс. "Бәрі кетсе де Қазақстан Ресейдің құрамында қалсын" деген сөзді айтпағаны үшін. Дәл солай қатайып алса біз тәуелсіздік үшін күреспес те едік. Жарықтық тәуелсіздікті
бізге сыйлап кетті ғой. Рухы пейіште шалқысын. Қазақ халқы риза сізге. Жақсылықты ұмытуға болмайды!
Пікірлер