«ADAL BILIM» - ең үздік ұлттық жоба

2185
Adyrna.kz Telegram

«Адал тұлға-2020» ұлттық сыйлығы аясында ҚР БҒМ қарасты «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі «Ең үздік ұлттық жоба» номинациясына ие болды. Ұлттық сыйлықты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев табыстады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған марапатқа «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары үшін ие болды. Жобалық кеңсенің негізгі қызметтерінің бірі -мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым саласында парасаттылықты қалыптастыру. Сондай-ақ «ADAL  BILIM» осы салаларды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау жұмыстарымен айналысады.

«ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі  — мемлекеттік мекеме емес. Бұл — қоғамдық жұмыс. Білім және ғылым саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеп жатқанымызға 1 жыл ғана болды. Осы уақыт аралығында аталған салалар бойынша тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсетіп үлгердік. «Ең үздік ұлттық жоба» атануымыз бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да еліміздегі сыбайлас жемқорлық факторларын барынша азайту үшін қызмет ететін боламыз», - деді ADAL  BILIM» жобалық кеңсесінің төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Атап өтейік, «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі 2019 жылдың 2 шілдесінде М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің базасында құрылған.

Пікірлер