Halyk bank комерсанттарға ыңғайлы және тиімді смартфондағы POS-терминалды ұсынады

27569

Halyk Bank коммерсанттар, шағын және микро-бизнес үшін смартфондарда контактісіз төлемдерді қабылдау үшін қолайлы шешім - Halyk Pos қосымшасын (SoftPos технологиясында) ұсынады. 

Жанасусыз төлемдер технологиясына негізделген Halyk Pos қосымшасы NFC-модулі бар Android базасындағы смартфонды қосалқы жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік береді. Ол шағын сауда-сервистік кәсіпорындар үшін арналған және оларға контактісіз төлемдерді смартфонның көмегімен қабылдауға мүмкін береді. Шешім сауда-сервистік желіде электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтып, сауда нүктесінің клиенттер базасын көбейтуге және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Halyk Bank  Транзакциялық бизнесі департаментінің директоры Гүлсім Душатова: «Halyk Pos қосымшасы қолма-қол төлемдер бойынша, мысалы, инкассацияға шығындарды қысқартуға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қабылдауға мүдделі микро және шағын бизнеске арналған. Жаңа шешім контактісіз төлемдер қабылдау желісін кеңейту, клиенттер базасын ұлғайту және эквайринг қызметтеріне қосылуға шығындарды төмендету арқылы кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бөлшек бизнестің клиенттері де, өз кезегінде, контактісіз технологиялардың көмегімен жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу мүмкіндігіне ие болады».

Жанасусыз төлем технологиясы арқылы төлемдер қабылдауға қосылу үшін кәсіпкер Halyk Pos қосымшасын жүктеп, Halyk Bank-пен эквайринг шартын бекітуі керек. POS-терминалды толығымен алмастыра алатын Halyk Pos қосымшасын орнатып, сіз контакісіз POS-терминалдың барлық функцияларына қосымша құрылғыларсыз қол жеткізе аласыз.

Негізгі артықшылықтары

  • POS-терминалдың орнына смартфон, қосымша жабдық сатып алудың қажеті жоқ
  • Контактісіз төлемдер қабылдау 24/7
  • Кез келген банк картасымен төлеу және смартфон арқылы төлеу
  • Операциялар туралы нақтыланған есептілік
  • Төлемдер қабылдау бойынша заңнаманы сақтау
  • Барлық банктердің клиенттерін қосу

Функциялары

  • Кез келген банктердің карталары бойында (Visa, Mastercard және Union Pay) төлемдер қабылдау
  • Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы смартфонмен төлемдерқабылдау
  • Төлемдерді болдырмау және кері қайтару
  • Электрондық чектерді жөнелту
  • Операциялар бойынша тізімді және ерекшеліктерін қарау
Пікірлер
Редакция таңдауы