Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды

2400
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды. «Ақ жол» париясының қолдаумен қаланың қақ төрінен биіктігі 7, ал диаметрі 4 метрге жуық монумент бой көтерді. Салтанатты рәсімге қоғам белсенділері, тарихшылар, жазушылар және алаш қайраткерлерінің ұрпақтары қатысты. Жиында сөз алған «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев алаш мұрасын зерттеу және осындай бастамаларға қолдау таныту саяси ұйымның негізгі бағыты болып қала беретінін айтты.

-"Мемлекеттігі жоқ халық жетім әрі жетекшіл халық». Әлихан Бөкейхановтар армандаған тәуелсіздікке ұрпақтарының қолы жетіп, бірер күннен кейін оның 30 жылдығын атап өткелі отыр. Осы мереке қарсаңында Алматы төрінде Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды. Бұл қоғам белсенділерінің және ұлт жанашырларының, қала берді бүкіл қазақ халқының  көптен бергі арманы еді. Ақыры алаш қайраткерлері алдындағы бір борышымызды орындадық - дейді жобаның басы-қасында жүрген «Ақ жол» партиясының өкілдері.

Салтанатты ашылу барысында Алаш арыстарына қатысты тың мәліметтер айтылды және бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек.

Өйткені, 100 жылдан аса уақыт өтсе де ол әлі толық зерттеліп біткен жоқ.

Осы мақсатта «Ақ жол» партиясы әртүрлі бастама көтеріп келеді.

12-ші желтоқсан – Алашорда үкіметінің құрылған күні. Ескерткіштің ашылу рәсімі осы датаға орай ұйымдастырылды. «Монументтегі үш қанат - үш жүзімізді, ал, оның төбесіндегі шаңырақ бір мемлекетке біріккенімізді білдіреді» деді оның авторы Бейсенғазы Сәдуұлы.

Алдағы уақытта Алаш зиялыларының есімдері мектептерге, университеттерге, тіпті, қалаларға берілсе деген ұсыныстар айтылды. Салтанатты шара барысында ұлт азаттығы жолында құрбан болған ата-бабалар рухына құран бағышталды.

 

          «Ақ жол» партиясының

Алматы қалалық филиалы.

Мақаланың ақысы "Ақ жол" демократиялық

партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Пікірлер