Депутат төсектес болуға 1 млн теңге берген бе?

3992
Adyrna.kz Telegram

Таяуда ғана ұсталған Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ни ісі төңірегінде түрлі ақпарат тарап жатыр. Депутаттың қандай айыппен ұсталғанын әзірге құзырлы орган өкілдері хабарламай отыр. Десек те, NurOtan партиясының Ақтөбе облыстық филиалы саяси кеңес бюросы Аркадий Ни партия қатарынан шығарылғанын мәлімдеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы бірнеше ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Бұрынғы депутат Аркадий Нидің ісінде жауабы жоқ сұрақ өте көп. Аркадий Ни өңірде танымал кісі деп жазады zakon.kz. Ақпараттық сайттың мәліметінше, Ни тек саяси ғана емес, қайырымдылықпен де белсене айналысатын тұлға көрінеді. Алайда ақтөбелік депутаттың мұнша жақсы атын бір ғана «15 жасар қыздың қыздығын 1 млн теңгеге сатып алу» туралы ақпарат аймандай еткен сияқты.  zakon.kz. депутатты ақтап алудың барлық тетіктерін қосқан болса керек, әйтеуір Нидің бүгінге дейін атқарған түрлі жақсы істерін барынша тізуге тырысыпты. Расымен, депутат Ни саясатта салмағы басым тұлға болған да шығар. Шынында да талай қиналған адамдарға қол ұшын созып, көмектескен де болар. Алайда «15 жасар қыздың пәктігін 1 млн теңгеге сатып алу» туралы ақпарат қайдан шықты? Егер Аркадий Нидің ешқандай 15 жасар қызбен шатысы болмаса,онда оны қандай айыппен ұстады, не себепті тіпті партия қатарынан да шығарып жіберді? Күмәнді сұрақ көп. Ресми орган тарапынан нақты мәліметтің берілмей отыруы нені білдіреді? Әлде расымен де, экс депутаттың атына әлеуметтік желіде барынша күйе жаға түсуді көздегендер бар ма?

Дәл қазіргі кезде Аркадий Ни Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128 бабы бойынша уақытша тергеу абақтысында жатыр деп жазады  Sputnik Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер