Н.Жанғазиева: «Адал» партиясы пікірталасқа дайын!

912

Парламент мәжілісінің 98 мандатына 5 саяси партияның таласатыны белгілі. 2021 жылдың 10-шы қаңтарында өтетін сайлаудың үгіт-насихаттық жұмысы басталып та кетті. Осы ретте «Адырна» ұлттық порталының тілшісі «Адал» партиясының өкілі Назым Жанғазиевамен әңгімелесіп, сайлауалды дайындығын сұрап білді.

–Назым ханым, "Адал" партиясы бағдарламасының негізгі бағыттары қандай?

– «ADAL» партиясының бағдарламасы 5 негізгі бағыттан тұрады:

1) Халықтың өмір сүру сапасын көтеру;

2) Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы;

3) Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру;

4)  Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі;

5)  Өмір сүруге қолайлы мемлекет.

Партия құрамына көптеген іскер жастарды жиып жатыр. Олардың қатарында Мақсат Толықбай, Ардақ Назаров секілді танымал азаматтар бар. Яғни, партия жастарға үміт артатын сияқты. Солай ма?

–Коронавирус пандемиясы бізге ескі әдістер бүгінде қажетсіз болып қалғанын түсінуге мүмкіндік берді. Біз саяси ландшафтта бейімделгіш, икемді, кез келген өзгерістерге еніп кете алатын жастарға мүмкіндік беру қажет деп санаймыз. Біз турбулентті уақытта өмір сүріп жатырмыз, сондықтан қазір 5 жыл бұрын белгілеген стратегиялар мен міндеттер маңызды емес. Күн тәртібін, жұмыс бағытын өзгерту қажет. Бұл –амбициясы мол жастардың күшімен ғана жүзеге асады.

ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттардың 16-сы өз саласының сарапшылары. Және де олардың әрқайсысы өз қызмет саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Біз олардың тәжірибесі «ADAL» партиясы қызметінің барлық бағыттары бойынша қолданылатынына сенімдіміз.

- Өзге партиялармен дебатқа шығуға дайынсыздар ма?

–Әрине, бірақ кез-келген партияның әр мүшесінің белгілі бір мақсаты бар. Ең бастысы,  әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Сондай-ақ әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істеу. Біз ешкімді сынай алмаймыз. Әр партияның пікірін құрметтейміз. Пікірталасқа біз дайынбыз.

Үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды. Карантин талаптары сайлаушылармен кездесуге қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыздар?

–Біз карантин шараларының барлық талаптарын барынша сақтайтын боламыз. Біз үшін әр өңірге барып, адамдармен кездесіп, барлық іс-шараларда қатысу өте маңызды.

Халықпен кездесуге сөзсіз басымдық беріледі. Бірақ біз дені сау ұлт үшін күш  салатын «ADAL» партиясымыз. Біздің әрбір кеңселерімізде, пункттерімізде санитарлық талаптарды сақтауға қажет нәрсенің бәрі болады: маскалар, санитайзерлер, қолғаптар. Әлеуметтік арақашықтық міндетті түрде сақталады.

- Пікіріңізге рақмет!  

Әңгімелескен Гүлвира Асқарқызы,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы