"Неге" ток-шоуын көрмей жатып пікір білдірмедім. Төбелесіп қалған жігіттерді танысам да хабарласпадым. Өсек іздеген немесе мәселені шешетін адам емеспін.
Кеше бағдарламаға қатысқан спикерлердің әр сөзі мен іс-әрекеттеріне мән бере отырып көріп шықтым. Кімде сенімділік, кімде сенімсіздік барын жұрт жақсы байқады (ол басқа әңгіме).
Бұл бағдарламадан соң халық оппозицияда жүрген азаматтардың бір мәмілеге келе алмайтынын түсінді.
Екіншіден, фейсбукте ана жігіттің руы мынандай, бұл рудың азаматтары батыр деп бөскен адамдардың пікірін оқыдым. Бұндай сөз қазақтың тұтастығына сына қағатынын ұмытпағанымыз абзал. Қазақтың ешқандай руының басы жерге қарап қалған жоқ. Қазақтың барлық руының жауға шабар батыры, ел мұңын айтар ақыны, турасын айтар биі, халық құрметтейтін зиялысы бар. Менің руым ана рудан артық, басқа ру әлсіз деп айтатындардың тілін кесу керек.
Қорыта айтқанда, бұл жерде ешкім ұтқан жоқ. Керісінше қазақ жеңілді.
Берік Ағыбаевтың Facebook парақшасынан.
Фото ашық дереккөзден алынды.