Көз не дейді? (психологиялық тест)

14373
Adyrna.kz Telegram

Көз – жанның айнасы. Шынында да, олар сіз туралы көп нәрсе айта алады. Тексеріп көреміз бе? Олай болса, жоғарыдағы суретте берілген жанарлардың бірін ойланбастан таңдаңыз. Таңдау жасамайынша жауаптарын оқымаңыз.

1. Сіздің басты ерекшелігіңіз — ашықтық

Сіз жүрегіңізді кез келген адамға ашып, сырласа аласыз. Қолындағы барын беруге дайын жансыз. Жиі тәуекелге барасыз. Сіз ешқашан басқаларға өз қорқынышыңызды немесе сенімсіздігіңізді көрсетпейсіз. Өз мәселеңізді өзіңіз шешуге тырысасыз, бірақ әрқашан басқаларға көмектесуге дайын тұрасыз.

2. Сіздің басты қасиетіңіз-адалдық

Сіз жағымды әсер қалдыруды ұнататын және әрқашан бәрін дұрыс жасауға тырысатын адамсыз. Қиналғаныңызды өзгелерге білдіртпейсіз, тұйықталып қаласыз. Өміріңізді өзіңізге емес, отбасыңызға арнайсыз.

3. Сотқар жансыз

Сіз әлі күнге дейін өз әлеміңізді іздеу үстіндесіз. Кейде өткеніңіз үшін қатты ұяласыз. Тығырықтан оңай сытылып шығатын жандардың қатарына кіресіз.

4. Философсыз

Тереңнен ойлайтын адамдардың бірісіз. Кейде өз сұрақтарыңызға жауап табасыз, бірақ біраз уақыттан соң жаңа жұмбақтарды іздей бастайсыз. Сіздің әлеміңіз – шексіз пазл. Әрдайым өмірдің қызықты сәттерін құрастырғыңыз келеді.

5. Жұмбақ жансыз

Сіз өзіңіздің кім екеніңізді және не қалайтыныңызды әлі күнге дейін түсінбедіңіз. Дегенмен, ізденіс үстінде болуды жалғастырыңыз! Сіздің көңіл — күйіңіз күн сайын, кейде күніне бірнеше рет өзгереді.
Әдетте, мүлдем сөйлемей қаласыз және өзіңіз туралы айтқанды ұнатпайсыз. Ал басқа біреу өз өмірі туралы айтса, ұйып тыңдайсыз.

6. Сезімталсыз

Сіз бәрін байқайтын әрі ешқашан ештеңені ұмытпайтын адамсыз. Соның арқасында әлеммен ерекше үйлесімде өмір сүресіз. Сізді қуанту да, мұңайту да оңай. Дегенмен, өзіңіздің нәзіктігіңізді сыртқы әлемнен жасырасыз. Көпшілік сізді «тым қатты» деп ойлайды. Жалпы, позитивті жансыз және өмірден тек жақсылықты күтесіз. Егер әлемде жаңа және түсініксіз нәрсе пайда болса, ол туралы бірінші болып білгіңіз келеді.

7. Қайратты жансыз

Бойыңыздағы күш-қуат шексіз. Алайда жиі уайымға салынасыз . Қарапайым өмір сүруді қалайсыз. Сіз шын жүректен сүйесіз немесе шын жүректен жек көресіз. Кез келген мәселе бойынша пікір білдіре аласыз.

8. Әдеттен тыс қылықтарыңыз бар

Ерекше мүдделер мен сенімдерге ие адамсыз. Дәстүр, ереже, заң деген дүниелермен жүру сізге тән емес. Әдетте басқалардан ештеңе жасырмайсыз. Өзіңізге ұқсас жандарды тапқыңыз келеді. Ешкімге ұқсамайтындығыңыз осында жатыр.

9. Зерексіз

Өте ақылды жансыз. Үнемі жаңа дүниелерді білуге тырысасыз. Адамның не ойлайтынын немесе сезінетінін оның сөзіне емес, интонациясы мен бет-әлпетіне қарап түсіне аласыз. Алдап тұрса, бірден сезесіз. Жаныңыздағыларға өзіңіз туралы сыр ашпайсыз.

Дайындаған: Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер