Азаматтық форумға 10 мың адам қатысты

1937
Adyrna.kz Telegram

Бұрын Азаматтық форумға 700-800 адам ғана қатысса, биыл ел бойынша 10 мың адам ат салысты – вице-минист.
Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінің брифингде ІХ азаматтық форумның алдын ала қорытындысын шығарған  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов 23 қарашадан бері форумға неше адам қатысып, қандай жаңалықтар болғанын айтып берді.
Жалпы, вице-министр атап өткендей, форум ертең жабылады, сәйкесінше, оның толық қорытындысы да ертең жария болып, енді бір жылдан кейін өтетін форумның мақсат-міндеттері де ертең айқындалады.

Әзірге, Болат Тлепов алғаш рет онлайн форматта өткен  форумға шамамен 10 мың адам қатысып, форум сессияларын тамашалады дейді.

«Төртінші күнге жалғасқан форумның қандай ерекшеліктері болды? Ең бірінші, әрине,   форумның барлық азаматтар үшін қолжетімді болғаны. Форумның сессиялары таңғы сағат 07.00-ден түнгі 00.00-ге дейін жалғасты. Бұрынғы форумдарға республиканың барлық аймағынан санаулы делегаттар сайланып, 700-800 адам ғана қатысса, биылғы онлайн шараға шектеу болмады. Кез келген адам онлайн форматта пікірталастарға қатысып, өз ойын айтуға мүмкіндік алды. Форумды барлығы 10 мыңнан астам адам онлайн көріп,  ютуб желісінде 2 мың адам, Фейсбук әлеуметтік желісінде 4 мыңнан аса адам  форум жұмысымен танысып отырды», - дейді вице-министр.

Онлайн форумның ең үлкен нәтижесі – шалғай аудандардағы үкіметтік емес ұйымдардың дауысы тыңдалды. «Осыған дейін кәсіби үкіметтік емес ұйымдар тек ірі қалаларда ғана бар деген түсінік қалыптасқан, оны биылғы форум толықтай жоққа шығарды. Шалғай аудандарда да орналасқан үкіметтік емес ұйымдар қатысып жатыр. Жай ғана форумға қатысып қоймай, өз тәжірибелерімен бөлісті», - дейді ол.

Жалпы, ІХ Азаматтық форумның алдын ала қорытындысын шығарсақ,  форум барысында 40-тан астам түрлі форматтағы алаңдар ұйымдастырылған. Форумның ыңғайлы форматы спикерлер ретінде 300-ден астам сарапшыны тарта отырып, 12 орталық мемлекеттік органдарға ҮЕҰ-мен онлайн кездесулер өткізу үшін алаң ұсынылған.

Бұдан         өзге:
- ҚР азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді;

-үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілді, «Ozgeris Ustasy» сыйлығы ұйымдастырылды, осы бағытты дамыту бағдарламасының жобасы әзірленді;

-волонтерлер жылы аясында бірқатар бастамалар мен
іс-шаралар өткізілді;

-қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.

Азаматтық форумдардың қарарлары азаматтық сектор өкілдерінің сандық және сапалық өсуіне де әсер етті», - дейді вице-министр.

 

Ерке Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер