Тіл жанашыры: «Жылап тұрып айтып тұрмын...»

2186
Adyrna.kz Telegram

Белгілі тіл жанашыры Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жылға жуық уақыт өтсе де Павлодар өңірінде тіл мәселесінің асқынып тұрғанына қынжылып, қазақ тіліне байланысты жұмыстың әлі де басталмағанына ашынады. Мемлекеттік тіліміздің үстем болуы үшін белсенді әрекет етіп жүрген ол екі апта көлемінде жолаушыларды қазақ тілінде қарсы алуын, жүк тексерушілерінің күртешесіндегі «Досмотр» сөзінің қазақ тілінде жазылуын талап етіп, орындата алмағанын айтады.

Белсенді: «Біз РФ-ның субъектісі емеспіз», - деп мемлекет басшысына үндеу жолдады: «Жылап тұрып сізге айтып тұрмын, талап етіп тұрмын! Осыны мен Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНА да жөнелтулеріңізді сұраймын! СҚАҚОВТАН басқа (Әбілқайыр Сқақов – ред). Қасым-Жомарт Кемелұлы егер сіз Сқақовқа осындай бұйрық бермесеңіз, осылай қазақ тілін аяғына таптатуға, Кереку қаласында. Ресейдің губерниясы болдырғыңыз келмесе, онда бұйрық беріңізші. Кереку қаласына келген адамдар қала қақпасы – вокзалда қарсы алынсын, қазақтың сөзімен, «Досмотр» емес. Біз Ресей Федерациясында  жүргендейміз. «Досмотр» деген тек қана Ресей Федерациясының сөзі. Бірақ бізде «Досмотр» мұндай болуы керек –  «Тексеру» деген сөз. Бірақ сөз болуы керек, осы мемлекеттің тілінде. Біз отызжылдыққа, келесі жолы тәуелсіздікке – 30, 35 жыл, желтоқсаншы ретінде айтып тұрмын, Желтоқсан оқиғасына 35 жылдықты біз «Досмотрмен» қарсы алып жатырмыз. Осындай даталарды. Кереку қаласы әкімі Сқақовтың тырысуымен. Соның тілді жолатпауымен. Басқа айтар сөзім жоқ (өзгертілмей берілді - ред.)».

Қазақ тілі үшін аянбай күресіп жүрген ол әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бакауовтың (Болат Бақауов – ред.) ісін жалғастырып, қалтасын қампайтуға жұмыс жасап жатқан шығар мүмкін? Мемтіл, ұлттық-мемлекеттік мүдде қайда, әкім  Скаков қайда? Кереку вокзалына келген әр адам РП келгендей болатыны 100 пайыз!!! Әр шетелдік, қз-ты әлі отарлықтан шыға алмаған құл көретіні де сөзсіз, соның ішінде бұрынғы қожайын да.... Өз тірліктері көзіне шел болып қатқан шығар, сатқындығын-құлдығын көрмей-сезбегендей (өзгеріссіз берілді - ред)?» - деп қазіргі әкімнің тек тілге ғана көңіл бөлмегенімен қоймай, әлеуметтік теңсіздіктің орнауына да көз жұма қарағандығын айтады.

«Егер әкімшілікке жататын ғимараттарда қызмет осындай, «досмотр» болса жеке меншік клиникаларда неге тек РП тілінде қызмет көрсетпеске? (өзгеріссіз берілді – ред.)», - мәселені көтереді.

Руза Бейсенбайтегінің Facebook парақшасындағы осы мәселеге қатысты жазбаларынан кейін тиісті орындар күртеше «Тексеру» деген сөзді жазған. Бірақ Руза ханым ол сөздің көзге көрінбейтіндігін айтады: «Мен вокзалға шығамын деген соң «Тексеру» деген сөзді трафаретпен жазып қойыпты. Ол түк көрінбейді».

Белсенді вокзалдағы бұл жағдайды түзету үшін 18 қарашадан бері тырысып келеді. Әзірге нәтижесі жоқ. Тіл жанашыры мақсатына жетпей қоймайтынын, Кереку вокзалын қалай да қазақшалатынын жеткізді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер