Жоғары оқу орындарының басты клиенті – қоғам мен жұмыс беруші

2317
Adyrna.kz Telegram

2021 жылы қазақстандық жоғары білімнің алдында жаңа сын-қатерлер тұр. Кезекті Бизнес-кеңестің тақырыбы да осы мәселеге арналған: "Жаһандық және жергілікті сын-қатерлер контексіндегі Қазақстанның жоғары білімі". Мұндай кеңестердің мақсаты әлемдік деңгейдегі білім беруді дамытуға және студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыруына ықпал ету дейді ұйымдастырушылар деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нарықта жоғары білімі бар түлектер саны өте көп, бірақ олардың сапасы нашар. Бүгінде білім беру саласының ел экономикасына әкелер пайдасы азаюда. Әдетте дағдарыс кезінде қоғамдық теңсіздік күшейеді. Сапалы білім мен сапасыз білімнің арасында үлкен алшықтық пайда болады. Осы мәслелелерді ескере келе,  біз жоғары оқу орындарының басты клиенті - қоғам мен жұмыс беруші екенін түсінуіміз керек», - деп атап өтті Сәуле Кемелбаева. КАЗГЮУ Жоғары экономика мектебінің деканы жоғары білім саласының Қазақстан экономикасына қосатын үлесі жайлы  зерттеу жұмысының нәтижесімен де бөлісті.

Іскерлік кеңес мүшелері мен қонақтар арасында ҚР АП Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығымеңгерушісінің орынбасары Олжас Жораев, Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы және мемлекеттік органдардың басшылары мен топ-менеджерлері, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі,, Қазақстан Ұлттық Банкі,  «Банк Центр Кредит» АҚ, «Банк Хоум Кредит» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ,   «ACCA Қазақстан және Орталық Азия» т.б.   жұмыс берушілерболды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыс берушілермен өтетін мұндай кездесулер білікті мамандардың жетіспеушілігі мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін бірлесіп шешуге көмектеседі. Бұл жұмыс берушінің маманды оқытуға және бейімдеуге кететін уақытын үнемдеп, қызметкерлерді іздеуге және тартуға жұмсалатын шығындарын 20%-ға дейін  азайтады.

Пікірлер