Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» байқауына қатыспақ

14510
Adyrna.kz Telegram

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» байқауына қатыспақ. Бұл  туралы ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл “Әлем ханымы-2020” байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл – сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты - әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді. Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық»,-деді ол.

Сондай-ақ, Абдукаримова Қазақстанның ғана емес Орта Азияның да намысын қорғайтынын атап өтті.

«Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым! Маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет»,-деп сөзін қорытындылады актриса.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер