Бүгін елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форумда сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев үштік ұйым жайлы айтты.
Біздің басты ұстанымыз - «Азамат. Азаматтық қоғам. Мемлекет» деген үштік ұйыммен ұштасып жатуы тиіс. Біздің пайдауымызша, аталған үштіктің әрқайсысы бір-бірімен бітіспес жау емес. Керсінше, бірліктің рухани нәрімен сусындаған біртұтас ағза. Яғни мемлекет дегеніміз - ел азаматтарының еркін ерік-жігерінің арқасында еңсе тіктеген конституциялық деңгейдегі қоғамдық келісімнің мәуелі жемісі, мәртебелі биігі. Сондықтан да олардың өзара жауапкершілігі мен өзара байланысының тереңдеуі - ел дамуының берік кепілі болмақ,- дейді мемлекеттік хатшы.
Оның айтуынша, қазіргі таңда жауапты қызметтегі азамат өзінің егемен еліне еңбек сіңіріп, отандастарының да заңды құқығы мен еркіндігінің және мүддесі жолында қызмет ететін азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі болып саналады.
Сол себепті жоғарыда айтылған үштіктің «Жауапты азамат. Жауапты азаматтық қоғам. Жауапты мемлекет» деген жаңа форумына ұласуы - ел дамуында ерекше рөл атқармақ, - дейді Қырымбек Көшербаев.
Айта кетейік, 23 қарашадан бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен IX Азаматтық форумы өтіп жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда 22-ден аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. 2019 жылдан бері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бюджетінің көлемі шамамен 50% дейін көбейіп 25 млрд теңгені құрады.