«Оқулық» РҒПО және «BAQ KASIPODAQ» Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2971
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «BAQ KASIPODAQ» бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев және «BAQ KASIPODAQ» кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек қатысты.

Тараптар қол қойған Меморандум аясында серіктестік қарым-қатынастар орнатуға және БАҚ-тың әлеуетіне сүйене отырып оқулықтардың сапасын арттыруға, сондай-ақ олардың мазмұнын байыту мәселелері бойынша  ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

«Оқулық» орталығы Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын ұстанған және қоғамның барлық қажеттіліктеріне жедел, тиімді әрекет етуді көздейді.

«Біз өзімізді ашықтық аясында жұмыс жасайтын қоғамдық ортаның ажырамас бөлігі ретінде айқындадық. Сондай құндылықтарды басшылыққа ала отырып, құрмет, сенім, адалдық және әділдік принцптеріне негізделген қарым-қатынас құрамыз. Аталмыш концепцияны іске асыра отырып, біз оңтайлы тоқтамға келу үшін оқулықтардың мазмұн-сапасын арттырудағы бірқатар маңызды мәселе бойынша сарапшы ортаны жұмылдыруға мүдделіміз», – деп атап өтті Орталық директоры Ғ.Бейсембаев.

Тараптар бірлескен бағдарламалар мен жобалар әзірлеп, сонымен қатар қоғамды сарапшылық жұмыстың жай-күйі мен барысы туралы хабардар етуге бағытталған іс-шаралар өткізуге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, «Оқулық» РҒПО білімнің мазмұнын бағалау,  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау арқылы білімнің сапасын қамтамасыз етуге атсалысады. Орталық өзінің құзіреті шегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің міндеттемелерін орындап, оқулықтардың сапасын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың  білімін жетілдіру бағытында жұмыс істейді.

 

Баспасөз қызметі

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Пікірлер