Оңдасын СЕЙІҰЛЫ: Стихиялық қоқыстардың пайда болу жағдайларын азайтуға күш салудамыз

2172
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ақпараттық агенттігі оқырмандарға қызығырақ болар деген оймен Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігі туралы сұхбаттар мен мақалалар сериясын ұйымдастыруды қолға алған еді. Ендеше облыстың қоршаған ортаға қамқорлығы турасындағы портал тілшілерінің  Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлынан алған мәлімдемесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Облыстың елді мекендерінің негізгі проблемасы қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының өсуі болып табылады. Көптеген елді мекендерде ҚТҚ жинаудың, сұрыптаудың және әкетудің жөнге салынбаған жүйесі, полигондардың жеткіліксіз саны, азаматтардың бір бөлігінің санасының төмендігі сұрапыл үйінділер туындауына әкеп соқты. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ Ақтөбе қаласындағы жерді қашықтықтан бақылау арқылы және одан 50 км қашықтықта жүргізілген мониторинг нәтижесінде 600-ден астам стихиялық қоқыс орындары анықталды.

Ағымдағы жылы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасы бойынша 617 қоқыс орнын жою кестесі жасалынды және бекітілді. Жергілікті атқарушы органдарымен заңсыз орналасқан қалдықтарды жою кестеге сәйкес 617 жер учаскесі анықталған болса, қазіргі таңда  жойылғаны:

Ақтөбе қаласы -419, жойылғаны – 361

Алға ауданы- 114, жойылғаны-114

Мәртөк ауданы- 35, жойылғаны 35

Хромтау ауданы- 24, жойылғаны -24

Қарғалы ауданы- 25, жойылғаны 25

Облыс бойынша 12 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, олардың 5 коммуналдық (Ақтөбе қ., Алға, Шалқар, Хромтау және Кеңқияқ п.), қалғандары жеке меншік, негізінен мұнайшылар кенттеріне қызмет көрсетеді. Соңғы коммуналдық полигон 2015 жылы Хромтау қаласында салынды және 5 жылдан астам уақыт бойы полигон құрылысына қаражат бөлінген жоқ. Полигондардың жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін алдағы үш жылға қаржыландырудың осындай схемасы жоспарланған:

Ағымдағы жылы Мәртөк, Қобда, Қарауылкелді аудан орталықтарында үш полигон құрылысын бастауға қаражат бөлінді. 2021 жылы осы полигондардың құрылысы аяқталады және сонымен бірге Бадамша және Шұбарқұдық полигондарына жобалық сметалық құжаттар және Ойыл, Ырғыз, Комсомол және Қарабұтақ  ауылдарында 4 техникалық экономикалық негіздемелер әзірлеу жоспарланған.

2022 жылы қолда бар жобалық сметалық құжаттар (Бадамша, Шұбарқұдық ауылдарында) және қолда бар техникалық экономикалық негіздемелер  (Ойыл, Ырғыз, Комсомол және Қарабұтақ) бойынша жұмыс жобаларын әзірлеу басталады.

2023 жылы Ойыл, Ырғыз, Комсомол және Қарабұтақ ауылдарында 4 полигон салынады. Осылайша, алдағы жылдары қалған аудан орталықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар  полигондарымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Әрбір елді мекенде полигон салу мақсатына сәйкес келмейді.  Полигондарда қатты тұрмыстық қалдықтардың  кәдеге жарату компоненттерін (пластик, макулатура, шыны және т.б.) көмуге тыйым салу туралы экологиялық заңнаманың талаптарын ескере отырып) сұрыпталған фракцияларды жинақтау, қайта тиеу және оларды одан әрі өңдеуге сүйемелдеу жөнінде «хабтар» орталықтарын құру қажет. Бұл жұмыс келесі жылы облыстық мәслихаттың 2018 жылғы наурыздағы шешімімен бекітілген 2018-2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін орындау және түзету мониторингі шеңберінде атқарылатын болады. Барлық факторларды халықтың санын, түзілетін қатты тұрмыстық қалдықтар  көлемін, көлік айрықтарын ескере отырып, полигондар қажет елді мекендер айқындалатын болады.

2017 жылдан бастап Ақтөбе қаласында қоқыс сұрыптау кешені жұмыс жасауда. Өткен жылы кешеннің иесі ауысты. Бүгінгі күні қоқысты сұрыптау кешені қалалық полигонға келіп түсетін қалдықтардан 20% - ға дейін кәдеге жарату компоненттерін алады.  Қалалық полигон «NEO PLUS» ЖШС сенімді басқаруында, ол сондай-ақ қала аумағының басым бөлігінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысады. Серіктестік бөлек жинау үшін 195 контейнер орнатты, оның ішінде:

- шыны және шыны сынықтары үшін – 10 бірлік;

-пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталатты қаптама үшін – 160 бірлік;

- макулатура, картон және қағаз қалдықтары үшін – 25 бірлік.

Өткен жылдан бастап қалада қайталама шикізатты қабылдаудың 5 пункті ашылды, оның ішінде бір пункт «NEO PLUS» ЖШС ашылды, қалғандары «Сырьевой ресурс» ЖШС, тағы осындай 20 қабылдау пунктін орнатуға ниет бар. Сонымен қатар, қабылданған шаралардың жеткіліксіз екенін түсіне отырып, Ақтөбе қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы» ЖШС және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтастық жолға қойылды. Осы жоба аясында тағы бір сұрыптау желісін, пластикалық қалдықтар мен әйнекті бөлек жинауға арналған 962 контейнерді,  10 бірлік арнайы техниканы жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, аталған жобаны іске асыру шарттарының бірі қала әкімдігінің контейнерлік алаңдарды тиісті түрге келтіруге және қатты тұрмыстық қалдықтар  бөлек жинауды насихаттау бойынша ауқымды жұмысты бұқаралық ақпараттар құралдары өрістетуге қаражат бөлу болып табылады. Тағы бір жұмыс бағыты – облыстың бірқатар аудандары үшін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеу.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тек Ақтөбе қаласы, Ырғыз, Шалқар, Байғанин аудандары үшін әзірленген, қалған аудандар бойынша нормалар жоқ.

Ақтөбе облысының аудандары үшін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленеді (20-б.8-1-т.). Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №77 қаулысымен бекітілді. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеу кейіннен жеке және заңды тұлғалардан елді мекендер бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер жасау кезінде негіз болады. Аталған шаралар стихиялық қоқыстардың пайда болу жағдайларын азайтуға, ТҚҚ сұрыптау мен қайта өңдеудің көлемін арттыруға мүмкіндік береді және соның салдарынан полигондарға жүктеме азаяды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер