Сертификатталмаған 56 түрлі дәрі-дәрмек саудалаған

2292
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы дәріханалардың бірінде сертификатталмаған медициналық препараттарды саудалаудың фактісін анықтады, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ІІМ-ге сілтеме жасап.

Жедел уәкілдерге дәріханалардың бірінде сертификатталмаған препараттар сатылып жатқандығы жайында ақпарат келіп түсті. Тексеріс кезінде ақпарат расталды: дәріханада сатуға рұқсаты жоқ дәрілік препараттар шынымен сатылып келген. Нәтижесінде 2 800 дана – түрлі дәрі-дәрмектің 56 атауы алынды. Жедел уәкілдермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша дәріхана иесіне қатысты материал жинақталды.

Айта кетейік, жыл басынан СҚО полицейлерімен заңсыз айналымнан 400 кг астам түрлі есірткі заттары алынды. Оның 350 кг астамы марихуана, 1 кг 690 грамм – синтетикалық есірткілер, сондай-ақ 372 грамм – героин.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер