Таулы Қарабақ басшысы Путинге алғысын білдірді

3349
Adyrna.kz Telegram

Танылмаған Таулы Қарабақ Республикасының Президенті Араик Арутюнян Ресей мен Владимир Путинге атысты тоқтатуға және соғысты аяқтауға көмектескені үшін алғыс айтты.

Арутюнян Facebook парақшасында: «Ресей Федерациясының жоғарғы басшылығының күш-жігері мен іс-қимылдарының арқасында Әзірбайжан-Қарабақ қақтығысы аймағында қантөгісті тоқтата алдық. Біз Ресей Федерациясына өз ризашылығымызды білдіреміз және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерге және атысты тоқтату мен соғыстың аяқталуына көмек көрсеткені үшін Ресей Президенті Владимир Владимирович Путинге алғысымызды білдіреміз», - деп жазды.

Оның айтуынша, Ресейдің бітімгершілік күштері «маңызды тұрақтандырушы факторға» айналды. Арутюнян генерал-лейтенант Рустам Мурадов басқаратын Ресей контингентімен тиімді ынтымақтастық орнатылғанын да қоса айтқан.

«Бейбітшілікті, тұрақтылық пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қолдау жөніндегі негізгі міндеттерді орындау бітімгершілік контингентінің жеке құрамынан жоғары кәсібилік пен табандылықты талап етеді, бұл кейде өмір сүру тәуекелімен ұштасып жатады. Біздің халқымыздың атынан жағдайды тұрақтандыру, бейбітшілікті орнату және қолдағаны үшін, түрлі міндеттерді шешу мақсатында атқарылған жұмыс пен күш-жігері үшін алғысымды білдіргім келеді», - деп атап өтті Қарабақ басшысы.

Ол сондай-ақ Ресейге Қарабақ тұрғындарының тағдырына «немқұрайлы қарама», гуманитарлық көмек көрсеткені және республиканы қалпына келтіруге қатысқаны үшін де жеке алғысын білдірді.

Арутюнян ресейлік әскери қызметшілер оралған босқындардың жағдайы мен гуманитарлық колонналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер