Қазақ ғалымдары ағза тазартатын жаңа өнім шығарды

3954
Adyrna.kz Telegram

Қазақ ғалымдары адам ағзасын тазартатын жаңа өнім ойлап тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Жалын" ғылыми-өндірістік технологиялық орталығының ғалымдары "Bio Life" атауымен дайындалатын энтеросорбент өндірісін жолға қойды. Энтеросорбент – көмір. Ол ағаштан немесе тас көмірден жасалады. Қазақстандық ғалымдар мұны кәдімгі күріш қауызынан жасап шығарып отыр. Айта кетерлігі, отандық және халықаралық патенттері алынып қойған.

Ішекте еритін желатинді капсула түрінде шығарылатын  белсендірілген көмірдің негізгі белсенді заты – карбонизацияланған күріш қауызы.

"Bio Life" – улану (тағамдық, химиялық, есірткі және алкагольдік улану), диарея, метеоризм, созылмалы гепатит, бауыр циррозы асқазан-ішек жүйелерінің аурулары, семіру, инсульт пен ишемия және атеросклероздың алдын алуға көмектеседі.

Профессор Сестагер Ақназарорвтың айтуынша, бұл өнімнің қарттарға да,  балаларға да, жүкті әйелдерге де зияны (теріс әсері – авт.) жоқ. Шетелдік сорбенттермен салыстырғанда бағасы да арзан. Бір емдік курсқа бір қаптамасы кетеді. Жапония, Ресей, Қытай, Испания және Орта Азия елдері өнімге қызығушылық танытып отырған көрінеді.

"Bio Life" энтеросорбенті адамның иммун жүйесі мен денсаулығын қолдауға бағытталған. Ол адам ағзасынан ауыр, түрлі улы металлдарды сорып алады. Дәрі болмаса да, пандемия жағдайында денсаулыққа сеп болуға көмегін тигізетін пайдалы өнім. Ең басты ерекшелігі – ол Қазақстанда шыққан. Дәл қазір әлемде баламасы жоқ бірегей қоспа. Басқа белсенді көмірлермен салыстырғанда, "Bio Life" сорбенті – наноқұрылымды көміртек. Сонымен қатар, оның құрамында адам ағзасына қажетті кремний диоксиді бар, - дейді профессор Ақназаорв.

Бексейтова Қалампыр, Энтеросорбент зертханасының меңгерушісі:

–«Bio Life» – Қазақстанның күріш қауызынан  корбанизация және активизация әдістерімен алынатын ағзаны тазалауға арналған ас қорыту жүйелерімен ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартатын биологиялық белсенді қоспа. "Bio Life" өнімін дайындау 6 этаптан тұрады: 1) Корбанизациялау (қанықтыру); 2) Минералсыздандыру; 3) Ұсақтау; 4)  Тазалау, кептіру; 5) Өнімді капсулаға салу; 6) Қорапқа салу.

Өнім құрамында химиялық қоспалар мен бояғыштар жоқ, таза 100 пайыз табиғи. Бұл өндіріске  Ғылым қорының қолдауымен 294 млн теңге бөлінді. Оған өз қаражатымызды дайын өнім шығарып отырмыз. Қазіргі құрылғымыздың қауқары күніне 5 мың өнім шығаруға жетеді. Яғни, 1 жылда 80 млн теңгенің өнімін шығаруға мүмкіндігіміз бар.

 

 

Қазақ ғалымдарының мұндай толайым табысы көңіл қуантады. Ғылыми орталықтың күріш қауызынан шығаратын өнімі жалғыз Bio Life-мен тоқтап қалмайды. Қазір гемодиализді қан тазалайтын собренттер әзірленуде.

 

Сұлтан Төлеуханов,  биология ғылымдарының докторы, профессор:

–Гемодиализді қан тазалайтын собренттер туралы айтатын болсақ,  өздеріңіз жақсы білесіздер,  қазір адамзат  алдында тұрған үлкен бір проблема бар, ол – экология проблемасы.  Экология дегеніміз – бізді қоршап тұрған орта. Сол қоршап тұрған ортада өмірімізге күнделікті тірлікке негэнтропия  деген затты аламыз. Бұл –  басқа көзі жоқ бос  қуат. Соның кесірінен көптеген кеселдер шығып, адамдардың иммунитеті түсуде.  Ауыр металдар, химия заттар, улы заттар, улы дәрілер болады.  Топырақта, жерде, ауада және кейде өсімдіктерде болады. Өсімдікті мал жейді, ал малдың етін  жеген соң бізге де түседі. Ішіміздегі жүйелердің ең үлкен салмақ түсетіні – бауыр мен бүйрек жүйелері. Соңғы уақытта сол бауыр мен бүйрек кеселдері көбейіп жатыр. Уланып жатқан кісілер көп. Осы мәселені шешу үшін гемосорбция деген тәсілді жан-жақты қарап, оның жаңа технологиясын енгізіп жатырмыз.

Жоғарыда аталған жобаларды  Білім және ғылым министрлігіне қарасты  "Ғылым қоры"  қаржыландырған. Конкурс арқылы жеңіп алған жобалардың жалыпы құны  –588 млн теңге.

 

Гүлвира Асқар,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер