170 мыңнан астам адам емханаларға бекітілмеген

2280
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау науқаны жүргізілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

9 қарашадағы жағдай бойынша бұл мүмкіндікті 74 мыңнан астам адам пайдаланды. Алайда 170 мыңнан астам қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінен тыс қалып отыр, өйткені алғашқы медициналық-санитарлық көмек оған кіретін қақпа болып табылады.

«Медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелу – ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық спектрін алу үшін қажетті шарт. Үйде медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жеріңізге тікелей жақын жерде тіркелгеніңіз жөн», - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бекіту науқанынан тыс кез келген уақытта МСАК ұйымын бірнеше жағдайда ауыстыруға болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер