Шымкент: “Қасірет” мемориалды шатқалы көгалдандырылуда

3690
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/c73ed807-40b3-49aa-a165-604c2e318cee.jpeg
Шымкент қаласындағы Қайтпас-1 шағын ауданында орналасқан «Қасірет» мемориалды шатқалын абаттандыру жұмысы қолға алынды. 13,6 гектар аумақты кезең-кезеңмен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Одан өзге, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қаладағы 8 саябақ пен 38 гүлзарды күтіп ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкент жасыл қала» ЖШС-і жүргізген. Бұл жұмыстардан бөлек биыл 5 гүлзар, атап айтқанда Қонаев-Ғ.Иляеев көш., Қонаев-Түркістан көш., Байтұрсынов ескерткіші, 8 ш/а аллея, Ипподром аумағы көгалдандырылған. Ал 4 гүлзарда («Чернобыль», «Шәмші әлемі», «Әл-Фараби алаңы» және «Балалар темір жолы станциясы») қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қаладағы 22 фонтан мен 33 скважинаны күтіп ұстау жұмыстарына қаржы қаралып, жұмыстар кестеге сай атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии