Ғалымдар коронавирустан 90 пайыз қорғайтын вакцина ойлап тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы BBC News-ке сілтеме жасап.
Вакцинаны Pfizer американдық фармацевтикалық компаниясы және оның неміс биотехнологиялық серіктесі BioNTech әзірлеп жатыр.
Ойлап табушылар бұл оқиғаны ғылым мен адамзат үшін «ұлы күн» деп атады. «Бірде-бір препарат мұндай оң нәтиже көрсеткен жоқ»,-дейді олар.
Клиникалық сынақтарға әлемнің алты елінен 43 500 адам қатысқан. Вакцинаның жанама әсерлері болман жоқ. Келтірілген мәліметтерге сүйенеік болсақ, оның екі дозасы үш апта үзіліспен енгізілмек.
Жаңа вакцина қараша айының соңында қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда әзірлеушілер жедел сертификаттау рәсіміне жүгінуді жоспарлап отыр.
«2020 жылдың соңына дейін 50 миллион доза вакцина, ал 2021 жылдың соңына дейін шамамен 1,3 миллиард вакцина жасай аламыз. Жұмыс барысында эксперименттік тәсілді қолдандық»,-деді ғалымдар.
Айта кетейік, препарат әлі соңғы сынақтардан өткен жоқ.
«Адырна» ұлттық порталы