БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Байденнің ендігі саяси ұстанымы қандай болмақ?

3734
Adyrna.kz Telegram

Батыстық аналитиктер Байденнің ұстанған саясаты Трамптың саясатына мүлдем ұқсамайды деп болжауда. Жаңа көшбасшы Ресейге, Украинаға, Белоруссияға жаңа, тың форматтағы прагматикалық жоспарымен қарым-қатынаста болады. Трамп сияқты Ресейдің ығына жығылып кетпейтініне сенімді. Украиналық кейбір саяси сарапшылар Трампты "подкупленная фигура" деп атады. Себебі, олардың айтуынша Трамп басқарған 4 жылдың ішінде ТМД елдерінің шеңберінде АҚШ-тың тарапынан ешқандай да саяси ықпал болмаған, Путинмен ауыз жаласқан. Трамптың АҚШ президенттігіне келуін де Путинмен сабақтас деп болжайды.

Atlantic Council орталығының директоры Джон Хербст Байденнің уақытындағы АҚШ-тың Ресейге қатысты сыртқы саясаты қатаң әрі сөз күйінде қалмайды дейді. Ол 2018 жылы Хельсинкидегі Путин мен Трамптың кездесуіндегі АҚШ президентінің "біртүрлі" ұстанымын сынға алады. Себебі, дәл осы кездесуден кейін АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымы нәтижесіз қалған. Онда Путин Трамптан "Ресей мен Украинаға көмек беруді ашық сұраған" делінген.

Ресейге қараған "Қаршыға"

Байден 2009 жылы вице-президент кезінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен бірге Ресейдің Сыртқы істер министрі С.Лавровқа Ресеймен арадағы айқастың жаңа этапы басталғанын ашық ескерткен. Батыстың саяси эксперттері Байденді сол кезде "Ресейге төнген Қаршыға" деп атады. Бірақ Байден сол саяси позициясының әлі сол қалпында екенін кешегі сайлау алдында тағы қадап айтты. Демек, Ресейді Украина мен Белорусь ісіне байланысты қат-қабат санкциялар күтіп тұр деген сөз.

Байден Трампты Ресейге ашық ұстанымында тұра алмады деп айыптап, "Путиннің күшігісің! Ресей мені сайлаудан өткізгісі келмейді, себебі мен оларды жақсы білемін, олар мені де жақсы біледі." деп дебатта бетіне басып тастады. Батыс сарапшыларының пікірінше, Вашингтон Кремльге қатаң саяси позиция ұстанады, өзінің шеңберінде ашық талап пен "диалогқа" шақыруы да мүмкін дейді. Ресеймен арадағы бірнеше страгегиялық келісім шарттарды да тоқтататынын кеше ғана айтты.

Байден Беларусьті барынша қолдап отыр. Ал Трамп Беларусь мәселесіне басын қатырмады. Ол Трамптың командасын сынап, ешқандай позция ұстанбағанын айыптап, Белорусь халқының демократиялық құндылықтар жолындағы күресіне ризашылығын білдірген. Ал, Белорусьтің қазіргі "нелегитимный" президенті Александр Лукашенкоға санкциялар барын айтып, АҚШ-тағы есеп шоттарының бұғатталатынын ескерткен.

Алда талай, талай қызық болатыны енді ап-анық. Мұның бізге да саяси ықпалы күшті екенін ұмытпаңыз.

Пікірлер